Баталар ✍️

  28.04.2023
  243


Автор: Отан қорғаушылар күні

Отан қорғар жігіттер!

Арыстандай айбатты,
Ерлер аман болыңдар!
Жолбарыстай қайратты.
Толған айдай толыңдар!
Мерекеде шаттана,
Әрбір сәттен бақ таба,
Сәтті болсын жолың әр!
Отан қорғар жігіттер,
Жалғай түссін үміттер,
Шаттықта атып таңың әр!
Абройың асқақтап,
Беріп лайым жақсы ат бақ,
Жансын деймін бағың дәл!
Сендер елдің тірегі,
Соғып тұрған жүрегі,
Бар жақсыны таңдап қал!
Мерейлерің үстем боп,
Құттықтаулар күшті ем боп,
Жаратқаным болсын жар!
Саулықтарың гүл жайнап,
Көңілдерде күй ойнап,
Орындалсын бар арман!
Тыныш болып еліміз,
Шаттықты боп жеріміз,
Жар болсыншы Жаратқан!
Жетінші мамыр мереке,
Сыйлап бізге береке,
Нұр сыйласын таң атқан!
Отан қорғар жігіттер,
Білімді де, білікті ер,
Шықсын әрбір тараптан!
Жайнап әркез жаныңыз,
Гүлдей жайнап бағыңыз,
Ел ішінде асқақтап,
Кіре берсін


сәніңіз!
Елді қорғар жігіттер,
Әрбір күннен, әр сәттен,
Бақ-береке табыңыз!
Әумин!


 




Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Пікір жазу