Баталар ✍️

  28.04.2023
  234


Автор: Отан қорғаушылар күні

Ел қорғайтын жігіттер!

Ел қорғайтын жігіттер,
Қанаттарың талмасын!
Қадамдарың оң болып,
Бақыт тапсын жалғасын!
Жігерлерің жасымай,
Биікке өрлеп самғасын!
Шаттықтарың басылмай,
Сәл нәрсеге тасымай
Бақ-береке жалғасын!
Саулықтарың мықты боп,
Көтеріңкі көңіл тоқ,
Қуаныштар орнасын!
Елім дейтін жігіттер,
Жерім дейтін жігіттер,
Қыран құстай самғасын!
Жастарымыз аман боп,
Тыныш бейбіт заман боп,
Халық ішсін дәмді асын!
Көңілде күй тербеліп,
Қыдыр ата үйге еніп,
Бар жақсылық орнасын!
Қиындыққа берілмей,
Сәл нәрседен жеңілмей,
Мұңаюлар болмасын!
Жетінші мамыр мереке,
Әр үйде артып береке,
Сәтті күндер жалғасын!
Мерекеде бүгінгі,
Іс жасайық тынымды,
Бақыт жалғап арнасын!
Амандықта болыңдар,
Толған айдай толыңдар,
Айбыны асқақ жігіттер,
Биік шыңға қоныңдар!
Әумин!




Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Пікір жазу