27.04.2023
  147


Автор: Ертай Жұмағазиев

ТАРИХИ КӨҢIЛАШАР

 


Саяси-әлеуметтiк өмiрде, күнделiктi тұрмыс-тiршiлiгiмiзде болып жататын санқилы келеңсiз көрiнiстер халықтың назарынан тыс қалмай, ұтымды өткiр әзiл арқылы да өз бағасын алып отырган. Өмiрдегi күлкiлi жайларды зiлсiз әжуа ететiн нәрселер анекдот деп аталғанымен, олар тарихпен тығыз байланысты.


 


- Әке, сiздер коммунизмнiң белсендi кұрылысшылары болыпсыздар ғой!


-Болдық, сосын құрылыс материалдары жетпегесiн қойдық.


 


 


Партия қатарына өткелi отырған бiр жас жiгiтке отырғандардың бiрi сауал бередi.


-Шырағым, қәзiр қайта құру, жеделдету кезеңi. Сен өзi күзетшi екенсiң. Жұмысыңды қалай қайта құрдың?


-Мен, ағасы, бұрын күзететiн кәсiпорынды сағатына үш рет айналушы едiм, ендi жеделдету басталғалы төрт айналып шығамын.


 


Қалаға келген бiр қарт теледидардың тиегiн басып қалып, «Осы жарықтық қайдан сөйлеп тұр?» деп сұрады немересiнен.


Осы кезде диктор: -Алматыдан сөйлеп тұрмыз, - деп саңқ еттi.


Шал шалқасынан түстi.


 


-Сiз таразы болғалы талай-талай тарих, қилы-қилы заман өттi, әлi сол таразы қалпыңызда келесiз. Осыншама көп жасауыңыздың себебi әдiлдiгiнiзге байланысты болар-ау? - дептi бiреу.


-Атаңның басы - дептi Таразы. - Әдiлдiгiңдi ақыл деген кәсiппен өлшейдi. Ал таразымен табыс өлшейдi.


 


Бiрде тыржалаңаш бiреу Қызыл алаңмен жүгiрiп бара жатып: «Никита Сергеевич – ақымақ», - деп айқай салыпты. Милиция ұстап алыпты да, оны сотқа берiптi. Сот оны 30 жылға соттайды: 5 жылы тәлiмсiз қылық жасағаны үшiн, ал 25 жылы кеңес мемлекетiнiң кұпиясын жария еткенi үшiн.


 


Брежневтiң кабинетi алдына Косыгин келедi. Тық-тық. Брежнев аптығып көзiлдiрiгiн алып, асығыс оны киiп, қалтасын ақтарып қағазын алады да, оқиды: -Бұл кім?, - дейді. Косыгин де қалтасын ақтарып, көзiлдiрiгi мен қағазын алып, оқиды. - Бұл мен ғой!


 


Брежневтiң қабылдауына Крупская келедi. Ол оны танымайды. -Леонид Ильич, мен Крупскаямын ғой. Менiң күйеуiм сiздiң есiңiзде жоқ па?


- Неге, неге есiмде болмасын? Сiздiң күйеуiңiз жолдас Крупскийдi бiлемiн.


 


Мұғалiм – оқушыдан: -Ескендiр Зұлқарнайы қашан өлдi? - деп сұрады.


- Өлдi?.. Мен оның қай кезден бастап ауырғанын да бiлмеймiн.


 


Брежнев о дүниеде Хрущевпен кездесiптi. -Сен бас хатшы боп iстеген кезiңде, бiрдеңе орнаттың ба? –Жоқ. өзiң ше? -Мен де еш нәрсе орнатқам жоқ.


-Ендеше аналар ненi қайта құрып жатыр?!


 


Брежнев о дүниеден оралады. Мәскеуде келе жатып, топырлаған қалың кезектi көредi.


-Мыналар неғып тұр? - Араққа тұр.


-Менiң тұсымда мұндай көп iшпеушi едi.


 


Брежнев немересiмен ойнап отыр.


-Үлкейгенде кiм боласың?


- Бас хатшы болам!


- Екi бас хатшының керегi не?!


 


Сен Маркстi бiлесiң бе?


- Жоқ.


- Егер сен сәрсенбi және жұма күндерi менiмен бiрге маркстiк үйiрмеге барсаң, бiлер едiң оны.


- Ал сен Файнбергтi бiлесiң бе?


- Жоқ.


- Егер сен өзiңнiң Маркстiк үйiрмеңе бармасаң, онда сен сәрсенбi және жұма күндерi өз әйелiңе кiм келетiнiн бiлген болар едiң.


 


Атасы мен немересi Мавзолейге келедi.


- Ленин қандай адам болып едi? - деп сұрайды немересi.


- Жақсы адам едi.


- Сталин ше?


- Жаман.


- Ал Хрущев ше?


- Өлген соң бiлемiз.


 




Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Пікір жазу