27.04.2023
  459


Автор: Әсерлі әңгімелер

Жындардың тойында ән салған қыз - 1 бөлім

Жастайымнан әнге құмар болдым. Кез келген ән қосылса болды, ыңылдап сол әнге қосылып айтып ырғағына ілесе билей жөнелетінмін. Бәлкім ағамның ортасында өскендіктен болар ер мінезді, қайтпас, қайсар, батыл болып өскенім. Бойымда қызға тән қылық жоқ. Тұла бойым тұнып тұрған энергия. Билегенде жан тәніммен беріле билеймін. Жүрген ортамды үнемі күлкіге қарық етіп жүремін. Менің биімді көрген адамның делебесі қозып менімен бірге билей жөнелетін. Өнер ордасына оқуға түсіп, атақты әнші болуды қаладым. Алайда әке-шешем:« Сен қыз баласың. Әнші болып іс сапармен әр жерде бір жүріп, өміріңнің жартысын жолда өткізгеніңді қаламаймыз. Әйел болып, ардақты жар, аяулы ана болып отбасы-ошаққасында отырғаныңда қалаймыз»,- деп мені мұғалімдікке оқуға түсірді. Өзге қалаға оқуға кеттім. Әкем-мен анамның қалауына қарсы келгім келмей өзім қаламасамда мұғалімдікке оқып жүрдім. Бірақ адам баласы жаны сүйіп қалаған іспен айналыспаса болмайды екен. Ән айтпаса тұншыға бастаймын. Денем ауырласып өз теріме өзім сыймай кетемін. Құрбыларыммен бірге караокеге барып ән айтып жаным рахаттанып қалатын. Бірде караокеде ән айтып тұрғанымда бір жас жігіт біздің бөлмеге кіріп келді. Жан-тәніммен ән айтып тұрған мен ол кісіні мүлдем байқамаған еді. Ән біткен сәтте қол соғып қошемет көрсеткенде таңданып қалдым.
- Қарындас, сіздің даусыңыз өте керемет екен. Тыңдаған адамның құлағының құрышын қандырады. Әнді жаныңызбен сезініп айтып тұрғаныңызды байқадым. Кәсіби әншілерден еш кем емес.
- Көп рақмет. Бірақ сізді танымадым. Сіз кімсіз?
- Мен продюсермін. Сіздерге қарасам студенттерге ұқсайсыздар.
- Иә, студентпіз.
- Менің сіздерге ұсынысым бар. Егер қарсы болмасаңыз бізбен бірге ән жазып, той-тоиалақта ән шырқап біраз ақша таба аласыз.
- Жо-жоқ қажет емес.
- Дарыныңызды неге ішке тұншықтырасыз? Сіздің даусыңыз құлаққа майдай жағады. Тартымды дауыс.
- Қажет емес..
- Мынау менің визиткам. Егер ойланып бір шешімге келсеңіз маған кез келген уақытта хабарласыңыз.




Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Пікір жазу