Баталар ✍️

  25.04.2023
  229


Автор: Бірлік күні

Бірінші мамыр Бірлік күн

Ынтымақ пен бірлік күн,
Жақсылыққа бастасын!
Елдің әрбір тұрғыны,
Ынтымақты сақтасын!
Тыныш болып еліміз,
Мерейлі күн жалғансын!
Тату болып халқымыз,
Бақ-береке арналсын!
Жаратқаным жар болып,
Жақсы күндер таңдалсын!
Қазақ елі тату боп,
Бүкіл әлем таңдансын!
Түрлі ұлттар сыйласып,
Бірліктері жандансын!
Жастарымыз еңбек қып,
Қыран құстай самғасын!
Жас балалар аман боп,
Сәтсіздіктен қорғалсын!
Қариялар аман боп,
Жүздерін мұң шалмасын!
Асқар таудай Әкелер,
Балаларын қолдасын!
Аналарым ардақты,
Безбүйрек жан болмасын!
Мейрім болсын лайым,
Жар боп бізге Құдайым!
Ынтымақты, бірлікте,
Жарқырасын Күн, Айың!
Соқсын дүрсіл жүректер,
Сыйластықта үн қатып!
Бұзылмасын бірлігің,
Орындалып тілектер!
Әумин!




Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Пікір жазу