Баталар ✍️

  25.04.2023
  93


Автор: Бірлік күні

Бірлік күні орнасын

Бірлік күні орнасын,
Қуанышты мереке.
Әрбір үйден лайым,
Кетпесін бақ-береке!
Ынтымақ пен бірлігің,
Сыйластығың жарассын!
Тыныш болып еліміз,
Сәттілікке жол ашсын!
Халықтардың достығы,
Болсын лайым мәңгілік!
Қазақ дейтін еліме,
Шуақ шашсын таң күліп!
Ел бірлігі жанданып,
Мерекені тойласын!
Бақ-береке орналып,
Көңілге күй жайғассын!
Отбасында сыйластық,
Болсын дәйім ынтымақ.
Бірлік күнін жүрекпен,
Жүрейікші біз жырлап.
Тату болып ағайын,
Жақсылыққа бастасын!
Сынды күндер лайым,
Есіктерді ашпасын!
Ұлттарымыз тату боп,
Ел үмітін ақтасын!
Тыныш болып еліміз,
Жаратқаным сақтасын!
Әумин!




Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Пікір жазу