Өлеңдер ✍️

  19.04.2023
  285


Автор: Айтқалиев Айдос Даниярұлы

Ғасыр сыры

Бұл қазақтың басынан не өтпеді?


Не келмеді тарихтан не кетпеді.


Қанша адам қиыңнан шықпай кетті,


Қаншасы қиылып ерте кетті.


Тыныш қана өтіп кеткен жылдар болар,


Жаңғырып есте болған ғасыр қалар,


Мұңға толған оқиға орын алар.


Халық білмей қыйналған сырлар қалар,


Қаңтар сыры...


Ол бір жұмбақ, ашылмаған бір кітап,


Бізге келген қасірет ол бір сынақ.


Алматының төрінен орын алған,


Тұман басқан тарихта аты қалған,


Сырға толы оқиға қиың сұрақ.


Жасқа толы жанары жастар бірақ,


Түсінбеді халықтың жан айқайын.


Қиналмады жандары қайыспадың,


Қайран елім жарқын әл болашағың.


Гүл өмірің әлі алда!


Тек тағдырдан сынбағың,


Үміт арт болашаққа жастарыңа.


Қаңтар сырын екінші рет жасамағың!


 




Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Пікір жазу