18.04.2023
  42


Автор: 365 күн

15 маусымда әлемде және қазақстанда болған тарихи оқиғалар

1844 жылы Чарльз Гудьир резеңкені қыздырып өңдеу әдісін патенттеді;

1851 жылы Джекоб Фуссель Балтиморда әлемдегі алғашқы балмұздақ өндіретін фабриканың негізін қалады;

1896 жылы Жапонияда алапат су асты жер сілкінісі болды, жойқын цунами салдарынан 22 мыңнан астам адам қаза тайып, 10 мыңға жуық ғимарат қираған;

1954-й – УЕФА (Еуропа футбол қауымдастықтарының одағы) құрылды.

15 маусымда Қазақстанда болған тарихи оқиғалар

1993 жылы Қазақстан президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың жарлығымен Үндістанда Қазақстан елшілігі ашылды;

1996 жылы Абай шығармаларының жинағы Иранда парсы тілінде басылып шықты;

2000 жылы жазушы Сәбит Мұқановтың туған жері Солтүстік Қазақстан облысы Жамбыл ауданы Сәбит ауылында жаңа мектеп ашылды;

2011 жылы елордадағы Тәуелсіздік сарайында Шанхай ынтымақтастық ұйымының Х мерейтойлық саммиті өтті;

2012 жылы Алматыдағы Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ халықаралық қатынастар факультетінде Біріккен Ұлттар Ұйымы орталығы ашылды;

2015 жылы президент Нұрсұлтан Назарбаев "Назарбаев Университетін" бітірген алғашқы студенттерге диплом табыстау рәсіміне қатысты.




Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Пікір жазу