18.04.2023
  36


Автор: 365 күн

13 маусымда әлемде және қазақстанда болған тарихи оқиғалар

1782 жылы Швейцарияда дуагерлік жасағаны үшін Анна Гельди дарға асылды;

1961 жылы Калугада Юрий Гагарин әлемдегі алғашқы космонавтика музейі ғимаратының іргетасын қалады;

2000 жылы Солтүстік және Оңтүстік Корея көшбасшылары алғашқы кездесуін өткізді;

2009 жылы Ирандағы президент сайлауында Ахмадинежад жеңіске жеткеннен кейін Тегеранда жаппай тәртіпсіздік басталды.

13 маусымда Қазақстанда болған тарихи оқиғалар

1924 жылы Орынборда қазақ ғалымдарының бірінші съезі жұмысын бастады. 18 маусымға дейін созылған бұл жиында қазақ фольклорын жинақтау және зерттеу туралы шешім қабылданды;

1998 жылы Германияда Қазақстан мәдениеті күндері өтті;

2009 жылы Дүниежүзілік банк пен Қазақстан қаржы министрлігі арасында "Батыс-Оңтүстік" автокөлік жолдарын дамыту жобасын іске асыру келісіміне қол қойылды;

2017 жылы Жуалы ауданының Берікқара шатқалы ауданында біздің заманымызға дейінгі II ғасырдан біздің заманымыздың V ғасыры аралығындағы кезеңге тән жерлеу дәстүрлеріне тиесілі таңғажайып материалдар табылды.




Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Пікір жазу