Өлеңдер ✍️

  15.04.2023
  197


Автор: Жүніс ӘМІРЕ

МАҒАН СЕН КЕРЕКСІҢ, СЕН

Ышығың алды менен
– мені,
Маған сен керексің, сен,
Күн
-түн жансам, сөнер ме еді!

Маған Сен керексің, сен.
Барлық берсең, қуандым, ал,
Жоқтыққа да шыдам қылам,
Махаббатыңмен жылар
-ды Жан:
Маған Сен керексің, Сен.
Тағдырының ашып мәнін,
Ғашық өлтірер ғашықтарын,
Теңізіне сүңгір шашып қанын.

Маған Сен керексің, Сен.
Ішіп ғашық шарабынан,
Мәжнүн болып далаға ығам,
Сен
– падишам, талабы
– заң!

Маған Сен керексің, Сен.
Сұхбат керек сопылар мен сақиларға,
Ақыреттің жемісі керек аһ
иларға,
Ләйліні іздеп Мәжнүн мәңгі бақи зарда,
Маған Сен керексің, Сен.
Жүзімді өлім жасырса да,
Күлім көкке шашылса да,
Топырағым басылса да,
Маған сен керексің, Сен.
Жәннат, жәннат деп жүргені,

қараған жанға,
Біраз бақ, біраз хор қыздары
,

санаған бар ма?!

Бер сен оны, уа, Падишам, қалағандарға,
Маған Сен керексің, Сен.
Міскін Жүніс,

шын атым сол,
Сөнбейді отым соқсын қанша сұрапыл сел.

Екі жаһандағы мұратым
– сол:
Маған Сен керексің, Сен!




Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Пікір жазу