Өлеңдер ✍️

  15.04.2023
  230


Автор: Сүлеймен Бақырғани

САХАР ТҰРЫП ӘДЕТ ҚЫЛ

Сөйле
– Құдай атынан,
Сахар тұрып әдет қыл.
Құтыл тозақ отынан,
Сахар тұрып әдет қыл.
Тұрған жандар сәріде
Үлгереді бәріне.
Тап болма Хақ кәріне,
Сахар тұрып әдет қыл.
Таңсәріде өрген жөн,
Ырзығыңды терген жөн.
Ұйықтаған тең
– өлгенмен,
Сахар тұрып әдет қыл.
Жан
-Аллаңды тіліңе ал,
Жүз мың күнәң жуылар.
Сахар сырын кім ұғар?

Сахар тұрып әдет қыл.
Сұрап Хақтан кешірім,
Алланың айт есімін.
Ашып бейіш есігін
Сахар тұрып әдет қыл.
Сәріде жан жанбаса
,
Қалған тірлік далбаса.
Ахиретке қам жаса,
Сахар тұрып әдет қыл.
Құр сахардың базарын,
Түнде тұр, шек азабын

Көрерсің көр ғажабын,
Сахар тұрып әдет қыл.
Сахар тұрмақ
– ғибадат,
Сахар тұрмақ
– сағадат,
 Сахар тұрмақ – ғинаят,
Сахар тұрып әдет қыл.
Жауар Нұры Алланың,
Шексіз дәулет жан-жағың.
Іл жүрекке қармағын,
Сахар тұрып әдет қыл.
Пендеге сын – бұ жалған,
Құтыл, кәне, күнәңнан.
Жарылқайды бір Аллаң! –
Сахар тұрып әдет қыл.




Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Пікір жазу