Өлеңдер ✍️

  15.04.2023
  284


Автор: Қожа Ахмет Яссауи

ҮМБЕТ ТУРАЛЫ

«Әл кәззабу лә уммәти!»* – деді Расул жұпар леп,
Жалғаншылар қауымын үмбет демес Мұхаммет.
Хақтың іздеп Дидарын,
Тура жүрген құлдарын –
Шын жолдағы ұлдарын үмбетім дер Мұхаммет.
Әркім жүріп үмбетше,
Расул ісін үлгі етсе,
Шапағат күн шын жетсе, мақұрым қоймас Мұхаммет.
Тәңірі-Тағала міндетін,
Расул Алла сүннетін
Инанбаған үмбетін үмбет демес Мұхаммет.
Үмбетпін деп сөйлесең,
бұйрыққа бас имесең,
Үмітсізсің онда сен – хал сұрамас Мұхаммет.
Халың мүшкіл тап сонда,
жан шырағын жақшы онда,
Рәсуа болар мақшарда, демесе үмбет – Мұхаммет.
Үмбет дейді Мұхаммет,
ақырыңды ойлас, Құл Ахмет,
Болғанда ертең қиямет мақұрым қоймас Мұхаммет.


---------------------------------------
«Әл кәззабу лә уммәти!»* (хадис) – Жалғаншылар менің үмбетім емес!




Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Пікір жазу