11.04.2023
  142


Автор: 365 күн

10 мамырда қандай айтулы оқиға болды

Бүгін Дүниежүзілік әділ сауда күні. Мейрам Дүниежүзілік әділ сауда ұйымының бастамасымен барша әлемде мамыр айында аталып өтеді. Өйткені мамыр айы әділ сауда айы саналады.

Сондай-ақ, Германияда кітап күні. 1933 жылы 10 мамырда Берлин мен өзге неміс қалаларында ұлтшыл-социалистер гитлерлік режимге ұнамаған кітаптарды өртеу акциясын ұйымдастырған. Мұндай оқиғалар ешқашан ұмытылмауы тиіс. Сондықтан кезінде кітаптар өртенген Бебельплатц алаңында Германиядағы ең ерекше ескерткіштердің бірі - Versunkene Bibliothek ("Батып кеткен кітапхана") тұр. Оның авторы – израильдік сәулетші Миха Ульман. Ата-анасы 1933 жылы Германиядан көшіп кеткен.

Бүгін Ресейде де кітаппен байланысты мерекелердің бірі аталып өтеді. Ғасырдың басында Ресейде кітаптар мен мерзімдік басылымдарға деген қызығушылық артқан. Типография қызметі жандана түсті. Сондықтан 10 мамырда Кітап палатасының құрылу күні аталып өтіледі. Бұл күні дәстүр бойынша жаңа кітаптардың тұсаукесері ұйымдастырылады. Оған автордың өзі міндетті түрде қатысады. Ол журналистерге ғана емес, қалың оқырманға да  сұқбат береді.

Сондай-ақ, бүгін Канадада қызғалдақтар мерекесі (The Canadian Tulip Festival) аталып өтеді. Ол жыл сайын Оттава қаласында мамыр айының бірінші жартысында басталып, екі аптаға жалғасады. Оттава ең суық астаналардың бірі саналса да, бұл кезде ең гүлденіп, құлпырған астанаға айналады. 5 миллионнан астам қызғалдақтың гүлдеуін  тамашалау үшін елге 1,5 миллион турист келеді.




Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Пікір жазу