08.04.2023
  93


Автор: Дұға оқу

БАЗАР, ДҮКЕН ЖӘНЕ САУДА ОРЫНДАРЫНА КІРГЕНДЕ АЙТЫЛАТЫН ДҰҒА

Пайғамбарымыз Мұхаммед (Алланың оған игілігі     мен сәлемі болсын) айтады: “Кімде-кім базарға кіріп: “Аллаһ Тағаладан басқа тәңір жоқ. Ол жалғыз. Оның серігі жоқ. Иелік және мақтау тек Оған тән. Ол тірілтеді және өлтіреді. Әрі Ол мәңгі тірі болушы және ешқашан өлмейді.


 


Барлық жақсылық Оның иелігінде. Әрі Оның құдіреті барлық нәрсеге жетеді”,-десе, Алла Тағала мыңдаған жақсылық жазып, мыңдаған жамандығын кетіреді. Әрі оның дәрежесін мыңдаған сатыға көтереді” (Имам Термизи).


 


«Лә иләһә илләл-лаһу уәхдаһу лә шәрикә ләһу ләһул-мулку, уә ләһул-хамду, йухи уә йумит уә һууа хаййун лә йәмут, биядиһил-хайру уә һууа ъалә кулли шәй-ин қадир». Мағынасы: Алладан басқа ешбір тәңір жоқ: ол жалғыз әрі Оның серігі жоқ. Мүлік Оған тән және Ол барлық мақтауға лайық. Ол тірі әрі өлмейді, бар жақсылық Оның қолында, сондай-ақ Оның күш-құдреті барлық нәрсеге толық жетеді.




Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Пікір жазу