08.04.2023
  75


Автор: Дұға оқу

ҚАДЫР ТҮНІ

Дінімізде қасиетті саналған күндер бар. Мысалы, екі айт күндері, жұманың күндізі мен түні. Рамазан айының күндізі және түні қасиетті болып есептеледі. Рамазанның ішінде, әсіресе соңғы он күндігі ерекше қасиетке ие. Өйткені бұл кештерде адам баласының бір жылдық тағдыры белгіленетін Қадыр түні бар.


Қадыр түнінде Қыдыр атаны күтеміз деудің ешқандай діни негізі жоқ. Бұл аңыз. Мұсылмандар бұл қасиетті түнді біреуді күтіп емес, Құран мен хадисте бұйырылған ғибадат түрлерін орындап өткізгені абзал. Қадыр түні оқылатын дұға мәселесіне келер болсақ, Айша (р.л.ғ.) анамыз айтады: “Мен: “Я, Расулуллаһ (Алланың оған игілігі мен сәлемі болсын)! Мен Қадыр түні болғанын білсем, не деп айтамын?”,-деп сұрағанымда, Ол (с.а.с.): “Я, Тәңірім! Сен кешірімдісің және кешіргендіжақсы көресің. Мені ғафу ет!”,-деп тіле”,-деді”. (Имам Термизи).


 




Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Пікір жазу