08.04.2023
  122


Автор: Дұға оқу

ЖАС БАЛАНЫ ТҮРЛІ ЖАМАНДЫҚ ПЕН ТІЛ-КӨЗДЕН САҚТАУ ҮШІН ОҚЫЛАТЫН ДҰҒА

Ибн Аббас (р.л.ғ.) айтады: “Нәби (Алланың оған игілігі мен сәлемі болсын) Хасан (р.л.ғ.) мен Хусайнді (р.л.ғ.)                   жамандықтан    сақтау үшін: “Барлық шайтан мен улы жәндіктің, әрбір жаман көздің зиянынан Алла Тағаланың кәміл сөздерін сендерге пана етемін”,-деп, кейін: “Сендердің Ибраһим бабаларың Исмаил (ғ.с.) мен Исхаққа (ғ.с.) осылай ететін”, - деді” (Имам Әбу Дәуід). Пайғамбарымыз (Алланың оған игілігі мен сәлемі болсын) немерелері Хасан мен Хусейнге былай деп, дұға ететін еді:


 


 


“Уъизукумә           би-кәлимәтил-ләһит-тәммәти мин кулли шәйтанин уә һәммәтин, уә мин куллә ъайнин-ләммәһ ”. Мағынасы: “Сендерді бүкіл шайтаннан әрі түрлі зиянкестерден және сұқ көзден сақтай гөр”-деп Алланың кәміл сөздерімен сыйынамын”.




Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Пікір жазу