06.04.2023
  173


Автор: Дұға оқу

АЯТҮЛ-КҮРСІНІ ӘР НАМАЗДАН КЕЙІН ОҚУ КЕРЕК

Пайғамбарымыз Мұхаммед (Алланың оған игілігі мен сәлемі болсын): «Үйлеріңізді қабірге айналдармаңыздар. Расында, «Бақара» сүресі оқылған үйден шайтан қашады» (Әбу Хурайра). Және бір хадисте: «Кімде кім қиналған сәтте «Аятул Курси» мен «Бақара» сүресінің соңын оқыса, Алла Тағала оны өз қамқорлығына алады» деген (Имам Ибн Сунни).


 


“Аллаһу лә иләһә иллә һууәл хайюл қайюму. Лә тә›хузуһу синәту уә лә нәум. Ләһу мә фис-сәмәуәти уә мә фил-ардый. Мән зәлләзи яшфә ъу ъиндәһу иллә би-изниһи. Яъләму мә бәйнә әйдиһим уә мә халфәһум уә лә юхитунә бишәй-иммин ъилмиһи иллә бимә шә-ә. Уәсиъа курсиюһуссәмәуәти уәл-арда уә лә я-удуһу
хифзуһумә уә һууәл ъалиюл-ъазыйм”.
Мағынасы: “Алладан басқа ешбір тәңір жоқ. Ол тірі, толық меңгеріп тұрушы.
Ол қалғымайды да ұйықтамайды.
Көктердегі және жердегі нәрселер Оған тән. Оның құзырында Өзінің рұқсатынсыз кім шапағат етеді. Олардың алдарындағыны да, арттарындағыны да біледі. Олар, Оның қалауынан басқа ешнәрсе білмейді. Оның күрсісі көктер мен жерді сыйдырады. Оған, Ол екеуін қорғау ауыр келмейді. Және Ол, өте биік, аса зор”. (Әр парыз намаздан кейін оқылады).
ً  Аллаһуммә инни әс-әлукә ъилмән нәфиъән, уә ризқан-тайибән, уә ъамәлән мутәқаб-бәлән”.


Мағынасы:
Ей, Алла! Шын мәнінде мен Сенен пайдалы ғылым, адал ризық-несібе (Өз құзырыңда) қабыл болатын амал сұраймын. (Бұл дұға таң намазының сәлемінен кейін оқылады).




Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Пікір жазу