03.04.2023
  373


Автор: Серікбай Оспанов

«Айдаһарды арбау»

Жағып күймен отты да,
Табады екен жоқты да.
Жыршы, күйші, көріпкел,
Би де бопты Кетбұға.
Ғажап дейді ел үні де,
Өткір екен тілі де.
Тап болыпты ол бірде
Айдаһардың ініне.
Айдаһар іннен шығады,
Маңай тегіс тынады.
Кетбұғаны көріп ол
Жұтпақшы боп тұрады.
Таусылған ол амалы,
Жерге отыра қалады.
Айдаһардан қорғанып
Қобызды қолға алады.
 
Күйші ғой ол арқалы
Сұңқылдатып тартады.
Айдаһардың күйге бұл
Кетеді еріп жан-тəні.
Келген еді құнығып,
Көзі ашылып, жұмылып,
Шарасыз күй кешеді,
Тұрып, қайта жығылып.
Күй от болып жетеді,
Өңменінен өтеді.
Айдаһардың өзегі
Жанып ұйықтап кетеді.
Естіп тау, тас, көл күйді
Тау құлап, су толқиды.
«Айдаһарды арбау» деп
Тартып жүр ел сол күйді.




Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Пікір жазу