03.04.2023
  44


Автор: Серікбай Оспанов

Бұқпаторғай

Бұқпаторғай қырағы,
Бəрін көріп тұрады.
Тас лақтырса тентектер,
Тигізбейді,
Бұғады.
Сұрағанда сабақты,
Бұға беру ұят-ты –
Атсаң, бұғып қалатын,
Бұқпаторғай сияқты.




Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Пікір жазу