03.04.2023
  91


Автор: Серікбай Оспанов

Көкқұтан

Аяқтарың тілінбей,
Үсті-басың бүлінбей,
Қанатқа ұқсап құламай,
Жанатқа ұқсап жыламай,
Балағыңды түресің,
Батпақтарда жүресің.
Көкқұтан-ау, қалай сен
Тазалықты білесің?!
Үйретсеңші Қанатқа,
Үйретсеңші Жанатқа!




Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Пікір жазу