03.04.2023
  80


Автор: Серікбай Оспанов

Қоқиқаз

Құсты көрдік біз бір күн
Қорғалжында биыл жаз.
Қанаттары қызғылтым,
Мойны неткен ұзын қаз?!
Сирағы да ұзын қаз,
Саны сондай аз дейді.
Оны ел кейде қызыл қаз,
Кейде қоқи қаз дейді.




Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Пікір жазу