03.04.2023
  55


Автор: Серікбай Оспанов

Режиссер

Қаз,
Үйрек,
Былай тұрыңдар,
Ат,
Байқа,
Құлайтының бар.
Қояным,
Сен қорқасың ба,
Онда былай,
Бол ортасында!
Қуыршақ,
Күліп тұрасың,
Күшік,
Үріп тұрасың.
Маймыл,
Жылайтын боласың,
Керік,
Құлайтын боласың.
Арыстан,
Ақырасың,
Есек,
Сен бақырасың.
Бұлбұлдар,
Əн саласыңдар,
Поезды қарсы аласыңдар.
Мен – паровоз,
«буф-буф» деймін,
Болады сонда мультфильм.
 
Қаз,
Айтқанды тыңдамадың,
Ұят –
Орныңда тұрмағаның.
Ат,
Неге жүре алмайсың?
Қуыршақ,
Күле алмайсың,
Күшік,
Үре алмайсың!
Маймыл,
Неге жыламадың?
Арыстан,
Ақырмайсың ба?
Есек-ау,
Бақырмайсың ба?
Бұлбұлдар,
Əн салмадыңдар,
Поезды қарсы алмадыңдар.
Мен ғана «буф-буф-буф» деймін,
Болмайды мұндай мультфильм!




Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Пікір жазу