03.04.2023
  80


Автор: Серікбай Оспанов

Міржақып Дулатұлы

«Оян, қазақ, қалғыма,
Қара анықтап алдыңа!
Қайда?!
Қайда азаттық,
Неге тұман таң мына?!» –
Деп жар салған бұл кісі,
Елге қуат үлгісі!
Ахметтің жан досы,
Серігі əрі інісі.
Бір бабасы, даласы
Бөлінбеген арасы!
Екеуі де қазақтың
Жанашыры,
Данасы!
Өлеңі отты, жарқылды,
Отына жау шарпылды!
Міржақыптай күрескер
Ұмытпайды елі батырды!




Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Пікір жазу