03.04.2023
  37


Автор: Серікбай Оспанов

Тəлім

Өсиеті бабаңның,
Əжең, ата-анаңның
Саған айтқан ақылы
Жанашыр бар адамның –
Тəлім!
Кең далаға барғаның
Таң-тамаша қалғаның
Ұғып сырын табиғат,
Одан сабақ алғаның –
Тəлім!
Жақсылардан көргенің
Көріп, көңіл бөлгенің
 
Есті сөзді естіген
Ініңе айтып бергенің –
Тəлім!
Байытады ол жаныңды,
Ашатын сол бағыңды
Болғаныңа не жетсін
Тəрбиелі, Тəлімді.




Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Пікір жазу