03.04.2023
  77


Автор: Серікбай Оспанов

Сəкен деген баламын

Сəкен деген баламын,
Айгүлге де ағамын,
Гүлнəрға да ағамын.
Үшіншіде оқимын,
Жаман емес сабағым.
Сəкен деген баламын,
Жиі сурет саламын.
Айгүл менен Гүлнəрға
Көмектесе аламын.




Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Пікір жазу