03.04.2023
  34


Автор: Серікбай Оспанов

Тəуелсіздік деген не?!

– Тəуелсіздік деген не?!
– Ол бақыт қой əр елге!
Бөтен елге тəуелді
Ел көп əлі əлемде.
Тəуелділік- еліңе,–
Өзен,
Көлің,
Жеріңе
Басқа ел ие болуы,
Шыға алмауың төріңе.
 
Тəуелсіздік – ол ұлы!
Өз Туыңның болуы!
Жеріңе,
Еліңе ие боп,
Басқа бақыт қонуы!
Тəуелсіздік – ол ұлы!
Елтаңбаңның болуы!
Ырыс-құтқа қол жетіп,
Тыныштықта ел болуы!
Өрден-өрге өрлеуің,
Қысым, күштеу көрмеуің!
«Қанатым, – деп-өз тілім»
Ана тілде сөйлеуің!




Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Пікір жазу