29.03.2023
  113


Автор: Рамазан айы

Оразаға ниет ету

С: Ораза тұту үшін ниет керек екен. Ол ниет қалай болуы тиіс?


Ж: Пәлен күні Алла үшін ораза тұтамын деп жүрегімен шешім қабылдауды ниет деп атайды. Оразаның өзі бірнеше түрге бөлінеді:



  1. Парыз ораза, яғни рамазан айының оразасы. 2. Уақыты белгіленген тұтуға серт берілген


ораза.



  1. Уақыты белгіленбей жалпы серт етілген ораза.

  2. Рамазан айының қазасы.

  3. Бұзылған нәпіл оразаның уәжіп болған қазасы.

  4. Кәффарат (өтем) оразасы. 7. Нәпіл ораза.


Рамазан айы және уақыты белгіленген нәзір оразасы мен ерікті оразаларға түннен бастап ниет етуге болады. Бірақ шарт емес. Түске дейін ниет етсе де болады. Ал рамазан оразасының қазасы, уақыты белгіленбей, жалпы серттелінген ораза, кәффарат, бұзылған нәпіл оразаның қазасы сияқты ораза түрлеріне түннен ниет етілуі қажет.




Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Пікір жазу