Өлеңдер ✍️

  26.03.2023
  314


Автор: Айтқалиев Айдос Даниярұлы

Қашықтық бар

Арамызды бөліп жатқан қашықтықпа,


Жүрегіміз суып жатқан жылдан жылға,


Түсінбей барамыз сөзімізді...


Мен сенен айнымадым соны білші.


 


Сен бақытты мен мұңды жолда қалған,


Түстей болып өміріңнен кете барғам,


Қашықтық кесірінен бәрі бітті.


Жүрегің жүрегімді алыстатқан.


 


Сезім керек жанымды емдеп берер,


Сенім керек махаббатқа қайта сенер,


Үміт керек болашаққа төзім берер.


Өзің керек өмірімді мәнді етер.


 


Қашықтықтан арамыз суып кеткен,


Екеумізде бір қаладан бір шеттен.


Бірақ әлі арамызда алыстық бар ,


Жүрегің салып қойған қашықтықтар.




Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Пікір жазу