24.03.2023
  113


Автор: 365 күн

30 наурызда Қазақстанда болған тарихи оқиғалар

1992 жылы Қазақстан мен Сингапур арасында дипломатиялық қарым-қатынас орнатылды;

2001 жылы "Болашақ" бағдарламасы түлектерінің қауымдастығы құрылды;

2006 жылы Алматыда халықаралық жазушылар мен публицистер қауымдастығының ресми өкілдігі ашылды;

2010 жылы Ислам конференциясы ұйымының жанынан Қазақстанның тұрақты өкілдігі өз жұмысын бастады;

2010 жылы Алматыда Орта Азиядағы ең ірі сән апталығы – Kazakhstan Fashion Week (KFW) өтті. Онда алғаш рет Қазақстанның show-room залы ашылды;

2012 жылы Шәкен Айманов атындағы "Қазақфильм" киностудиясы түсірген "Әнші балапан" фильмі Голливудте International Family Film Festival халықаралық фестивалінде "Үздік шетелдік драма" номинациясындағы награданы жеңіп алды.

2015 жылы Алматыда Қазақ хандығының 550 жылдығына орай хандықтың құрылуы мен дамуына үлес қосқан тарихи тұлғаларға 9 ескерткіш орнатылды: Абай, Құрманғазы, Наурызбай батыр, Қабанбай батыр, Алтын адам, Абылай хан, Жәнібек хан, Керей хан, Шоқан Уәлиханов ескерткіштері;

2017 жылы Норвегия Корольдігінің Қазақстандағы консулдығының ашылу рәсімі өтті.




Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Пікір жазу