20.03.2023
  485


Автор: Әсерлі әңгімелер

Құданың қорлығы - 5 бөлім

Оның себебі Айсараның тұрмысқа шығып өсін-өнген ұясынан ұшуында емес. Үлкен қызы Сабинаның жанарындағы мұңды көріп ет жүрегі езіледі. Қыз болғансоң оның да дәл осылай біреуге ғашық болып, махаббаттың буына мас болуға хақысы бар емеспе? Қашанға дейін бұлай жалғыз жүрмек? Оның тағдыры неге бұлай болды?
Осы сынды сұрақтар күндіз-түні маза бермейді.
Жападан жалғыз ой үстінде отырғанда қызы Сабина жанына келіп жайғасты.
- Анашым!
- Кел қызым. Келе ғой.
- Неге соншама мұңайып жүрсіз? Айсара алысқа кетіп бара жатқан жоқ қой.
- Мен Айсара үшін еш алаңдамаймын. Нағыз ер-азаматты жолықтырып қамқорлығын сезініп жүр. Өз қызындай қабылдап бар мейірімін беріп жүрген алтындай енесі тұрғанда неге алаңдаймын?
- Ендеше сізге не болды?
- Мен сені уайымдап жүрмін. Қызым сенің де бақытты болуға хақың бар. Жасың отызға келді. Неге кездескен жігіттердің бәрінің бетін қайтара бересің?
- Бұл тақырыпты қозғағым келмейді. Өтініш мені бұлай тергемеңізші.
- Қаш, қаша бер. Осылай жүргеніңде біреудің тоқалы болып немесе біреудің баласына өгей шеше болмасаң сені отбасын құрмаған жігіт ала қоймасы анық.
- Тағдырыма жазылғанын көремін ғой.
Сабина бұл жолы да анасының көкейіндегі сұрақтарды жауапсыз қалдырып қаша жөнелді. Әне-міне дегенше шулап жүріп той да өте шықты. Айсара өз үйінмен қоштасып өзге елге келін атанды. Еңбекқор, пысық қызға келіндік өмір аса қиынға соқпады. Дереу-ақ үй шаруасын дөңгелетіп алып кетті.
Екі жақ та салт-дәстүрге сай жөн-жоралғының бәрін жасады. Айсара өте бақытты еді. Көп уақыт өтпей құрсақ көтеріп өмірге деген құштарлығы одан сайын арта түсті. Үнемі жүзі жайнап жүреді. Ата-енесінің ризашылығы мен ақ батасын алып жүрген үлгілі келін атанды. Жұрт қызыға әрі қызғанада қараушы еді. Жүкті болғанына қарамай бар шаруаны өзі тындырушы еді. Бір емханананың бас дәрігері атанып балалардың денсаулығы үшін күндіз-түні ізденісте жүретін. Жауапкершілігі мықты дәрігер атанды




Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Пікір жазу