16.03.2023
  372


Автор: Әсерлі әңгімелер

Анамның тағдырын қайталадым - 8 бөлім

Уақыт шіркін демде екен ғой. Адамның емес, Алланың дегені болды. Әкемнің қырқын өткізіп болған соң, көп ұзамай үйден ұзатылып шықтым. Өз үйіме, өз отбасыма бардым. Бірақ барған соң барлығы өзгерді. Күйеуім мен бірге құда түсіп келгендер оның ата анасы емес екен. Туыстары екен. Асқардан оны неге жасырғанын, туыстарың болса туысым деп неге айтпадың десем, үндемейді. Үйде қартайған 70 Тен асқан жүре алмайтын анасы бар екен. Ал әкесі бұрындары қайтыс болып кетіпті және бір қарындасы бар. Олардан нақытысын сұрағаным да тек осыларды айтты.

Бойдақ кезімде күнде қыдыртып, әр нәрсе әперіп жүрген Асқар енді жоқ. Мінезі де өзгеріп, үйден көп шығатын болды. Тіптен апталап үйге келмейтінді шығарды. Оған не болып қалды деп ойлаумен болдым.
Күйеуімнің туыстары болса, "қашан көтересің? Аяғың ауырламады ма?" деген сұрақтарымен мезі етті. Қалайша аяғым ауыр болады? Егер күйеуім үйдің бетін көрмесе.

Ақыры Асқар үйдің бетін көрді. Келді де шаршап жатырмын. Жұмыс көбейіп кетті деп, ұйықтап қалды. Оған мен қарап тұрамын ба:
-- неге үйге келмейсіз?
-- Назима қойшы!
-- неге қоямын? Жан жақтағылар менің миымды жеп жатыр, мен қалай қоямын? Не істеп жүрсіз өзі?
-- қойшы дедім ғой саған, неге жыныма тие бересің? Ұнамай ма, кет... Барда шешең мен сіңіліңнің жанына бар. Бұла миымды жейтініңді білгенде сені алмайтын едім.

Бұл сөзіне қатты жыным келді. Ол мені тіпті көзіне де іліп тұрған жоқ. Заттарымды жинадым да кетіп қалдым. Ол маған қайта хабарласама деп үміттендім. Бірақ хабарласпады.

Жалғасы бар




Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Пікір жазу