Өлеңдер ✍️

  08.03.2023
  119


Автор: Айдар Сайлауов

* * *

Махаббатым мөп-мөлдір шыда ғасырға,
Сөздерімнің әрбірін құп аласың ба!?
Кездесуге келістің, келіп тұрмын ғой,
Шыға аласың ба!?

Ақыл айтсам аяулым шошыма тағы,
Сүйген адам күткенін тосып алады,
Тек сен үшін сүйіктім сүйіп қалып ем,
Осы қаланы!

Сен кешкенді көңілім мен кештім деді,
Еске алайық шықсаңшы келмес күндерді.
Сағынышқа су сеуіп қиялымдағы,
Кездескім келді.

Махаббатқа мөлдірім мұнарасың ба,
Қуанышпен жүр едім мұң арасында.
Құшақтайын жәй ғана мауқымды басып,
Шыға аласың ба!?




Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Пікір жазу