Баталар ✍️

  08.02.2023
  199


Автор: 8 наурыз

Мерекеде көктемгі

Мерекеде көктемгі,
Бар жақсылық орнасын!
Әрбір үйде қуаныш,
Шаттықтары жалғансын!
Аналарым аман боп,
Өмірлері жандансын!
Әжелерім күлімдеп,
Немерелер ән салсын!
Абысындар тату боп,
Ас-ауқатқа қамдансын!
Тату болып жанұя,
Бақытты сәт жалғансын!
Келіндері ибалы,
Әрбір ісін оң етсін!
Инабатты қыздарың,
Несібені көп етсін!
Бақыт сыйлап әр көктем,
Көңілдерді тоқ етсін!
Жаратқаным жар болып,
Қиындықты жоқ етсін!
Ырыс пенен ынтымақ,
Сыйластықты кеңейтсін!
Адал достар көп болып,
Жаныңызды тербетсін!
Амал достар жоқ болып,
Сатқындықтар жоқ, кетсін!
Көктемгі бұл мереке,
Қуанышқа бастасын!
Жаратқаным жар болып,
Амандықты растасын!
Аман болып еліміз,
Бақ-береке орнасын!
Аман болып жеріміз,
Раббым Алла қолдасын!




Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Пікір жазу