Өлеңдер ✍️

  06.02.2023
  481


Автор: Аңсар Бақытжанов

Кінәлама

Неге екенін білмедім, сүйіп қалдым,


Отыңа, жалыныңа, күйіп қалдым,


Мені бос кінәлама сүйгеніме,


Мен сенің жүрегіңе келіп қалдым.


 


Сеніп қалдым, мен саған сеніп қалдым,


Жүрегіңе, өміріңе еніп қалдым,


Сен мені кінәлама сүйгеніме, 


Мен сенің әтіріңе сөніп қалдым. 


 


Сен мені "ұнаттың" деп кінәлама, 


Қиындықтың бәрі сол кінәдама, 


Қиындықты көбейтіп жібердің-ау, 


Қиындықсыз бұл өмір бола ала ма?! 


 


Ұнатамын мен сені ұнатамын, 


Мендей сені жаным-ау ұнатар кім?!


Ұнаттың деп сен мені кінәлай бер, 


Сен үшін мен мойныма мың,кінә артармын! 


 


Сен үшін өлең арнап мың келемін, 


Бір өзіңнің жағдайыңмен теңелемін, 


Бір сөзіңнің әрібіне емделемін, 


Бір өзіңе күнім мен сенген едім. 


 


Жаныыыым менің! 


Күнім менің!


Көзің сенің, 


Сұлуууу неткен!! 


Сұлуым менің, 


Аруым менің, 


Жылуың сенің, 


Өртейді неткеен! 


 


Қиындықты жаным нестейміз біздер, 


Қалып қойып бізден артта кеткен. 


Жылулықты жаным қабылдайық біздер, 


Куып бізді енді жеткен!


Аңсар Бақытжанов 




Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Пікір жазу