![]() |
|
![]() |
Өлеңдер ✍️

Бақыттың кілті
Мас болып ғұмыр қызықтарына,
Керексіз жерін сызып тағы да.
Келемін көріп, таң қалуменен,
Пенденің мінген қызық тағына..!
Көргім кеп, тек таң, ғажайыптарын,
Сұрадым қарттан, ғажайып таңын.
-Мәңгілік қалқам, бала деп жүрсең,
Қалады дейді, азайып бағың!
Бақыттың кілтін сұрадым достан,
-Жарыңа жалған құрағын жоспар.
Айлаңды асыр, бақыттың сонда,
Саласың дейді, тұрағын бастан.
Сұрадым достың, әріптесінен,
-Халықты жей бер, бәрі несібең.
Бағала бақты.
Бұлданса біреу,
Бола сал дейді, ғаріп, есі кем!
Сұрадым жардан, бақытты тағы,
-Сен үшін мен ғой, бақыттың таңы.
Иеңмін дейді, Алладан кейін,
Разылықтарда, бар құттың ағы!
Анама бардым, анығын сұрап,
Жүргенді меңзеп, қабынып құлап.
-Өмірдің өзі, бақыт қой деді,
Бергені Алла, барлығын құрап!
Сұрағым келді перзенттен бақ-ты,
Күтіп жүр ұлым, ержеткен шақты.
Тамсанып тұрып тапқандай болдым,
Уайымсыз күнім, бақ екен нақты!
![]() |
![]() |
![]() |
![]() |
![]() |
![]() |
![]() |