Өлеңдер ✍️

  14.01.2023
  117


Автор: Есбол Бозан

ЕРКІН ТАС ҚАЛАУШЫЛАР

Адамзатта болмаса нақ – ұстаным,
Надандықпен көрмейсің алысқанын.
Айтақшының артынан ерген халық,
Қайдан білсін, басынан бақ ұшқанын.
Арыстарын ұмытып данышпанын,
Əскерімен Тажалдың табысқанын.
Қарапайым тобырды айдап салып,
Санап отыр біреулер, табыстарын.
 
Ібілістің орнатып таныс заңын,
Соғыстарын бастады шабыстарын.
Əлемдегі масондық элиталар,
Азайтуда жердегі халық санын.
Туласын деп бойдағы намыстарың,
Бұл өлеңді сіздерге табыстадым.
Масондар – «еркін тас қалаушылар!»
Жөн болады бұлармен танысқаның!
Танысқаның, жоспарын ұғысқаның,
Əшкерелеп астыртын жұмыстарын.
Адамдардан жоғалып кемеңгерлік,
Қалыптасты қоғамда бұрыс, таным.
Жарамайды ендеше, тұрыстарың,
Аяқталып дұшпанмен ұрыстарың.
Шыңыраудан айналып өткің келсе,
Бағытыңды алдымен дұрыстағын...
Айналаға қараңыз, жалықпаңыз,
Айналдық ең нашар халыққа біз.
Жастар неге бұзылды соңғы кезде,
Осының себебін анықтаңыз.
Айналаға қараңыз, алақтаңыз,
Құмар болдық...
Салындық, араққа біз.
Осының қыр-сырын білгің келсе,
Тарих бетін мұқият парақтаңыз.
Темекіден қалайша құтыламыз?
Құтылмасақ, түбінде ұтыламыз.
Күн сайын, құрамын сараптамай,
Химиялық тағамды тұтынамыз.
 
Телешоу мен фильмдер,
Ол да қайғы...
Жүрегіңе құштарлық ордалайды.
Аңқауларды өзіне ынтықтырып,
Тура жолдан адамды бұрмалайды.
Əн мен күй рухыңды арықтатар,
Бұл дерттен...
Кім басын, алып қашар?
Адамның кумирі қандай болса,
Мінезі де дəл солай қалыптасар.
Қиялынан батырлар құрастырып,
Көрсетеді «голливуд» оғаш қылық.
Сондықтан, бүгінгі балалардың,
Сотқарлығы бəрінен тұр асқынып.
Масондық саясатқа көндіңіз бе?
Үлкен қауіп ендеше төнді бізге.
Бұл тəсілмен басқару адамзатты,
Қандай оңай,
қандай жеңіл,
көрдіңіз бе?!
Ізгі сипат жоғалып көп адамнан,
Надандықтың ызғары соғады алдан.
Дəл сенің ұрпағыңды құрту үшін,
Бұның бəрі ерте де жобаланған.
Көпшілігі жинамай түк естерін,
Тоналту да өзінің үлестерін.
«Масондар» - құпия қожайындар,
Жөн болады бұлармен күрескенің!




Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Пікір жазу