Өлеңдер ✍️

  03.01.2023
  94


Автор: Қанипа Бұғыбаева

Сен…

Сенсіз өткен өмір мені мезі етті,
Ойыннан өрт шықты, өртеді өзекті.
Баяғыдай сылтауратып әрнені,
Іздеп барып кездесетін кез өтті.
Сабыр сарқып, салқындармын ысып
бір,
Жүрек сырын жеткізе алмас
“пысық тіл”
Түйеөркешті күзгі қоңыр таулардың
Көлеңкесі көңіліме түсіп тұр…
Деме мені “көп таныстың” бірі екен,
Жанарыңнан жай соққандай
дір етем.
Өзің жайлы түні бойы түс көріп,
Сол түсімді күні бойы жыр етем.
Өзің жайлы, ой түбіне бір жетем,
(Жете алмасам кеңдікке бұл, түрме тең)
Өміріңнің өңмен түсін біле алмай
Сен де, мендей мазаң кетіп жүрме
екен?...
Өткен өтті, оның несін
тергеймін,
Дауыл боп соқ! Мен көтерер
жердеймін.
Бір басыма бүтін тиген
өмірдей
Сен мендіксің…
сені ешкімге бермеймін




Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Пікір жазу