01.01.2023
  299


Автор: Жанұзақ Аязбеков

Қасиетін кетіріп алдық

 


 


Әріптес тележорналшы, абзал ардагер Қажы       Қорғановпен кездесе қалсақ, журналистика                             төңірегіне бір соғып өтетініміз дағдыға айналған. Қоғамдағы келеңсіз құбылыстарға жаны қас, ойындағысын оймақтай етіп ойып бере салатыны бар көкеміздің осыдан он жылдай бұрын баспасөз бетінде «Ұлы» деген сөзді қымсынбайтын болдық деген қалың зиялыға қаратып айтқаны есімізге түсіп, қазіргі жағдай қалай дегендей сөзге тарттым.


-           Несін айтайық,бауырым, одан сайын өршіп барады! Мен бұрын, есіңде болар, «ұлы» сөзiн адамға телу бұл сөз халқымыздың дiнсiздену қанына сіңген Кеңестiк заманның «жатырынан» жаралған дегенмін. Себебі, мiнбеге көтерiлген партия, совет қызметкерлерi бастап, қалғанымыз қоштап, баяндамамыздың бiсмiлләсi «Ұлы совет халқы», «Ұлы орыс халқының арқасында» деп бастайтын едік. 70 жыл бойы сан мың мәрте қайталанып, санамызға сiңгенi сонша, бүгiнде сол сөз тiркестерi Кеңес заманының тәбәрiгiндей сөздiк қорымызда қалып, енді міне сиырдың бүйрегіндей бытырап, көрінген жерден алдымыздан шығатын болды. Бұрынғы көкірегі ояу зиялылар «Ұлы» деген сөз Жаратушының теңеуi екенiн, оны жер басып жүрген жұмыр басты пендеге телу – күпiршiлiк болатынын білген. Бiлген соң алаштың ардақтыларына атақты басқа теңеу тапты. Ахмет Байтұрсынов Абайды                        «халқымыздың   бас ақыны» десе, Мағжан Жұмабаевты «хакiм ақын» деп бағалады. Христиан дiнiндегiлерге «ұлы» сөзiнiң сөкеттiгi жоқ. Өйткенi, олардың құдайлары – Иса (Иисус) с.ғ. пайғамбар кәдiмгi жер басып жүрген пенде - Мәриямнан туды . Яғни, Иса (с.ғ.) пайғамбар да - пенде. Сондықтан орыстардың «Ұлы Петр», «Ұлы Толстой» деп айтуы орынды секілді. Әйтсе де Иса (с.ғ.с.) пайғамбар мақтау-марапатты   жақтырмаған.        Әсiресе,    өзiн          Құдайға         теңеп             жалбарынғандарға жиiркенiшпен қарап тұрып, көктегi Әкеге («Отец более меня») табыну керектiгiн ескертіпті. Ал біз бүгінде кілең «ұлылар» мекендеген елде жүрміз.-деді Қажекең.


Менің есіме ол кісінің сол мақаласындағы: «Көз көргенді айтайын. 90-жылдың орта шенiнде Қазақ политехникалық институтының ректоры болған профессор Әшiм Омаров ағаның үйiне бардым. Сәлем берiп, төрге бөлмеге кiрсем Әшкең Асқар Қонаев екеуi әңгiмелесiп отыр екен..


Асқар iнiсi бірде ел аралап келген Димекеңе сәлем берiп, амандық-саулық сұрауға барады. Аз-кем әңгiмеден кейiн Димаш аға: «Асқар, елдiң адамдары менi «сiз ұлысыз, сiз ұлы адамсыз» дей бередi, сонысы қалай өзi?»– деп бiртүрлi ыңғайсыздана ойға шомады. Аяқ астынан айтылған бұл сөзге iнiсi де кесiмдi пiкiр айта алмай: «Ендi халық солай деп жатса, ұлы болғансыз да...»,– деп жауап бередi. Осы бiр өткен әңгiменi еске алған екi аға бiраз үнсiз отырып қалды.»- дегені есімде.


Редакцияға күнделікті поштадан әр түрлі тақырыптағы хат-хабарлар Бас редактордың алдына келгесін қараймын. Жазарманның бір парасы -                                   аға ұрпақ, кешегі заманның «шекпенінен» шыққан, екі жүйені көріп келе жатқан біздің замандастарымыз. Әсіресе ақын – жазушыларымыз қаламы да, құлағы да, аузы да әбден қалыптасқаны соншалықты осы «ұлы» сөзін оңды - солды сілтей беретін болды. Бір кісіге әбден ырза болса «Сөз жоқ ұлы адам», бір нәрсеге риза болса «Бұл бір ұлы дүние», «Ұлы дала», «Ұлы денесі» әйтеуір не керек, бір айрықша ауқымды, таңғаларлық құбылыстардың бәріне осы сөзді жегіп алдық, енді оны кейінгі жастар да іліп әкетті..


 




Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Пікір жазу