Өлеңдер ✍️

  28.12.2022
  126


Автор: Ерлан Аманқожаұлы

Бұл теңізде ескегі жоқ қайықтың....

Бұл теңізде ескегі жоқ қайықтың,
Қайықшы өлген байламы ірі, байыпты.
Кәрі маяк, капитансыз кемелер,
Тозған порттар, ескі бағыт, көне жол.
Адасқандар, күдік, күмән, қорқулар,
Қақпақылдап ойнайтын тек толқындар.
Жолаушылар сапарынан кешіккен,
Қарақшылар өздеріне өшіккен.
Саудасы жоқ саудагерлер қаптаған,
Балшараптар ғасыр бойы сақтаған.
Титаниктің қазылмаған қаңқасы,
Өшкіндеген Колумбтың картасы.
Шарапхана, құмархана, ханалар...
Құмай көздер, сылқым қыздар тәні адал.
Бұл теңізде ештеңе жоқ, жоқ бұлар,
Жағалауы жүдеу, алды көк мұнар.
Ескегі жоқ қайықтардың білері,
Жағалауға мүрде тасып жүреді.
Кемелерде керілмеген желкені,
Басталмаған сапарлардың ертеңі.
Бұл теңізде ескегі жоқ қайықтың!...




Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Пікір жазу