25.12.2022
  386


Автор: Әбілқайыр Ғалымжан

Әлеуметтік әлем

МҮДДЕ Ғалымжан Әбілқайыр Адамның мүддесі қалай болады. Әрбір адам өз мақсатына жетуі үшін, маңайына мүдделестерді жинағысы келіп әлек болады.Қазіргі таңда әлеуметтік желінің ашықтығы жақсы көрсеткіштерді көпке көрсетуге қолайлы алаң. Жастар арасында әлеуметтік әлем желісінде тіркелім саны артқан. Осы әлеуметтік желіні пайдаланудан алдын, сізден тіркелу үшін келесім сұрайды. Осы келісімді оқып жатқандар сирек. Себебі ол жерде сіздің барлық қол жетімді ақпаратыңызға, галереянызға, банктік қосымшаларыңызға, қайсы ақпаратты көп ашатыныңызға келісім бересіз. Онысы арқылы сіз өз достарыңыздың санын арттыру арқылы желідегі оқырмандарыңызды тартасыз. Яғни бұл шартқа бір жағынан сіз мүдделі болып көрінгеніңізбен, көпшіліктің ортақ мүдделері анықтайтын ақпараттық аналитика бересіз. Жалпы адамдар арасындағы мүдделер қақтығысы, бұл мүдденің қасында ұсақ дүние болып қала бермек. Елдің экономикасы, әлеуметтік хал жағдайы, қанша азамат неге мүдделі екенін қарап, осы мүддеңізді анықтау арқылы қауқарыңызға баға берілуі ғажап. Адамзаттық құндылықтардың ақпараттық технологиялар заманында таразысы озық елдердің қолында. Ақпаратты сақтайтын орталықтар да сол желінің иелерінің қолында сақталады. Бұл дегеніміз, біздің келешек 5 ші немесе 10 шы ұрпақтарымызға біздің қарым қабілетінімізді білу қызықтырса, оны сатып алуына мәжбүр. Досыңды көрсет сенің кім екеніңді айтамын деген осыған айтылса керек.




Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Пікір жазу