15.12.2022
  586


Құтты мекеннің қымбат ұйымы


  • Киелі де қымбат,байлыққа мол Ақтөбе облысында халыққа аянбай қызмет ететін серіктестіктер мол.Әр компанияның елге берер пайдасы ұшаң теңіз.Айналадағы жылу да, тіршілік көзі су да, қорек те-осы тынымсыз еңбектенетін ұйымдардың жемісі деп те айтсақ болады.Бәрін жеке-жеке айтсақ ұзаққа созылатындықтан,біз "Қазақойл" ұйымын таңдадық.

Бұл ұйым-еліміз тәуелсіз ел болып қанат жайып,экономикасы бытыраңқылықта болғанда ашылған ірі компания.Компанияның басты ерекшелігі-


   -Жаңа технологияға бейім болу


   -Бағалы қазбаларды тез әрі сапалы игеру


   -Экологиялық тұрғыда таза еңбек атқарылуы


Ол кезде отанымыздың күні нашар болғанымен,қазіргі таңда біршама жылдарды артқа тастап,ұйым мұнай-газ өндіруде алдңғы қатарлы орында тұр.Бұл көрсеткіш-шет елдермен салыстыруға тең келер көрсеткіш болып саналады.Осындай дәреже біздің облыс үшін мақтануға тұрарлық емес пе?Сонымен қатар,айта кететін жәйт,көптеген компаниялар өнім шығару барысында табиғаттағы тепе-теңдікті бұзып жатады.Бұл ұйым өз кезегінде қалдықтарды залалсыздандырып,қайта өңдеу технологиясын әр қилы қырынан қолдануда.Енді сандық деректерге жүгініп,компания жетістігін бағаласақ: 2002 жылы бұл ұйым 120 мың тонна, 2003 жылы 420 мың тонна мұнай өндірді.Ал болашақта бұл мөлшерді көбейту жұмыстары жоспарланып отыр.Осы жетістіктердің бәрі бастаушы күштің еңбегі десек қателеспейміз.Бұл компанияның директоры-Чжао Цзичэнь.Есімі қазақ болмаса да, Қазақстанның көркейуіне,экономиканың құлпыруына ат салысқан осы тұлға. "Жақсылық еккен алғыс орады" демекші,сол қиын қыстау кезеңнен бері әлеуметтік жағдайы төмен,отауы бұзылғандарға қол ұшын созып,үлде мен бүлдеге бөленген ұйым да осы.Елге 2020 жылы төнген індет есіңізде ме?Сол кезде де адамдарға материалдық тұрғыда қолдау көрсеткен де осы ұйым.Айтпақшы, есіңізге сала кетсем осы ұйымның жұмысшылары "Үздік маман-2021" байқауына қатысып,орындар алып еді.Бұл жеңіс осы ұйымның кәсібилігін тағы да дәлелдеді.


Елбасының елге айтқан жарлығына жүгінсек Президентіміз:


"Өнеркәсіпке қолдау көрсетудің нақты шараларын да жетілдіру керек. Бізде жүйелі әрі біртұтас ұстаным жоқ. Соның салдарынан сансыз көп жобаға қаражатты ысырап етіп отырмыз.Әрине, өнеркәсіпке қолдау көрсетудің кең көлемді қамтитын ауқмды шараларын сақтап қаламыз. Сонымен бірге Үкімет стратегиялық тұрғыдан маңыз­ды өндірістерді, негізгі экспорттық басым­дықтарды айқындап, қолдау шара­ларының аясын кеңейту керек." деп еді.Яғни айтар ойым,осы компания бұл жарлықты ой елегінен өткізіп,нәтиже шығаруда.Қазіргі таңдағы мәуелі бәйтеректей жайқалған экономиканың себепшісі-"ҚазақОйл" компаниясы.Қазақстанның дамуына үлес қосушы бұл ұйым әлі-ақ бүкіл әлемге танымал болуына себепшіміз.


 




Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Пікір жазу