Өлеңдер ✍️

  03.12.2022
  497


Автор: Амантай Әбдіқанұлы

Уыс



Бұл дүниеге шыр етіп туысыңмен,
Жұғынды да жұма ұстап уысыңмен,
Аспандағы айды да алғың келіп
Жасайсыңдар,
Жарандар, қу ішіңмен.

Дүние қалар сусылдап уысыңнан,
Табыларсың тар, суық қуысыңнан.
Саудыратып қолыңды,
Сені жеңген
Желбірейді тағдырдың туы шыңнан.

Өмір осы,
Алды — Арман, арты — Қуыс,
Шарабыңды шалқып іш, сарқы туыс!
Тоқты да емес, торқа емес,
Топырақтан алсаң ала жатарсың артық уыс.


 




Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Пікір жазу