02.12.2022
  216


Автор: Фариза Оңғарсынова

ДАСТАРҚАН БАСЫНДА

 Қазақта тамақты жалғыз отырып ішпейді. Үйдегі үлкендермен бірге дастарқан басына отырысады жəне жасы кіші адам үлкен кісілерден бұрын асқа қол созуы əдепсіздік болып саналады.
Ас ішіліп болғасын, əркім бет-бетімен кете берсе, бұл – ұят қылық. Үлкендер ас қайырып болғасын, дастарқан басынан тұрысады. Егер біреу асығып отырса, үйдегілерден рұқсат сұрап, содан соң ғана дастарқан басынан тұруына болады.
* * *
Тамақ ішіліп болғасын, отырғандар ас қайырады.
Ас қайыру – ана, қыз-келіндерге алғыс айту, ризашылық білдіру.
«Береке берсін!»
«Алланың рахымында болыңдар!»
«Дастарқан мол болсын!»
«Рақмет!» деген секілді алғыстар айтылады.
* * *
Дастарқан басында жасы кішілер тамақты бас салып  өзі жей бермейді: анасына, əке-атасына тамақ салып береді, сорпа немесе шай кесесін ұсынады. Бұл – көргенділіктің, əдептіліктің белгісі.




Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Пікір жазу