02.12.2022
  132


Автор: Фариза Оңғарсынова

ЖОҚТАУ

Кісі қайтыс болғанда, өлікті үйден шығарарда, кейін бата оқуға адамдар келгенде, əйелдер дауысын шығарып сыңсып, жоқтау айтады. Яғни қайтыс болған адамның қадір-қасиетін айтып, қайғырып жоқтайды.
Халқымызда «жоқтаусыз қалды» деген тіркес бар. Қайтыс болған адамның артында бала-шаға, дос-жараны
болмаса, осылай дейді. Жоқтаусыз қалған жақсы емес.
Абай атамыздың оқыған, өте зерек, сүйікті ұлы Əбдірахман (оны үй-іші еркелетіп Əбіш деп атап кеткен) 27 жасында өкпе ауруынан қайтыс болғанда, оның жас жұбайы Мағрипаға (оны да еркелетіп Мағыш деп атаған) қайын атасы Абай жоқтаудың сөзін өзі жазып берген. Оның ішінде төмендегідей жолдар бар:
Жиырма жеті жасында
Мен айрылдым жарымнан.
Қызықты күнім қалмады
Жылаған айтып зарымнан.
Құдай салды жүрекке
Жалғанда бітпес жараны.
Қалқамды алып, Құдайым,
Басыма салдың қараны...




Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Пікір жазу