02.12.2022
  105


Автор: Фариза Оңғарсынова

«КӨП ТҮКІРСЕ, КӨЛ»

Дарынның анасы дүкенде істейді. Тəжірибесі де көп емес. Бір күні ауданнан тексерушілер келді де, пəлен  мың сом ақша кем деп, Дарынның анасын айыптады.
Оны төлейтін бұларды қаржы жоқ болатын.
Бұл жайды естіген ауыл ақсақалдары кеңесіп, үй басына ақша жинап, Дарынның анасын құтқарып алды.
– Тəжірибесіздігінен істі болған екен, ел болып
көмектеспесек, көргенділігіміз қайсы... «Көп түкірсе, көл болар» деген, əрқайсымызда пəлендей байлық болмағанмен, бəріміз қосылсақ, құтқаруға болады, – деп Мəжит ақсақал үлкендігін айтты.
Адамдар тату, бір-біріне жанашыр, білікті болса, көп жағдайды жақсартуға болатынын осы мақалдан ұғынуға болады.




Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Пікір жазу