02.12.2022
  176


Автор: Фариза Оңғарсынова

«ТҮЙЕНІ ЖЕЛ ШАЙҚАСА, ЕШКІНІ АСПАНДА КӨР»

Қатты дауыл жердегі ең үлкен жануардың бірі түйені қозғап, тəлтіректетіп жатса, түйенің жанында түймедей салмағы жоқ ешкіні аспанға ұшырып кетеді деген астарлы мағынасын ұққан дұрыс.
Нəрік есеп сабағына онша емес. Əсіресе бақылау жұмысы кезінде əбден басы қатады. Кезекті бақылаудың есептері тым қиын екен. Кластағы есепке ең жүйрік Жазира да үзіліс кезінде көңілсіз отырды. «Бір есептің теңдеуін дұрыс құрмаппын», – деді жанына келген кластасына. Сосын Нəрікке бұрылып: «Сен шығардың ба?» – деп сұрады. «Түйені жел шайқаса, ешкіні аспанда көр» деп, сен дұрыс шығармағанда, мен қайдан шығарамын?» – деп күлді Нəрік.
Балалар Нəріктің мақалдап сөйлегеніне таңданып, қызыға қарап қалды.




Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Пікір жазу