Өлеңдер ✍️

  28.11.2022
  298


Автор: Сүндет Сейітов

ҰСТАНЫМ


Білмеймін ұстанымым қалай, қандай?

Кеудемнен ұша жаздап жан айқайлай,

Қоймады... Ұшты. Ұшты. Әне, ұшты,

Соңынан сол қырсықтың барам қалмай.




Ертең не бірсігүні жалақы алам,

Белімде емделмесем, жара қараң.

Әлемде одан асқан жоқ бір жара,

Әлемде ештеңе жоқ дарақы одан.




Сейілмей жұмыста да сұр күмәнім,

Кеңсемде ақ парақтай жыртыламын.

Жинайды сосын мені әріптесім,

Құрауға өлместей-ақ ұмтылады...

Жо-жоқ, мен ұмтыламын!




Айтпақшы, әлгі ұстаным жоқ есімде,

Ұстамсыз ақын десе, сенесің бе?

Төменге қарап қоям там басынан,

Төменнің бір арман бар төбесінде!




Ұшуға жетпейді ғой ғарышқа әлім,

Дегелек қанатынан сәл ұстадым.

Биікте ұшып жүрмін, ал, меніңше,

Жерге қарап қалмасам, сол - ұстаным!




Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Пікір жазу