Өлеңдер ✍️

  18.11.2022
  483


Автор: Диас Нұрланұлы

"Хат хабарсыз кеткен ару" немесе "Интернет желісінен жоғалған қыз""

"Хат хабарсыз кеткен ару" немесе "Интернет желісінен жоғалған қыз"


 


 


Қайдасың сен?


Түсіме де енбейсің..


Бәлкім мені іздейсің...


Әлде мүлдем ойыңа да ілмейсің. 


 


Шыныменен мені ұмытқан шығарсың,


Бәлкім мені сағынарсың шыдарсың.


Енді мүлдем жүздеспеспіз,таппаспыз


Тауып алсам, құшақтасып жылармыз! 


 


Талай түнді өткізіп ек (едік) ұйқысыз


Талай күнді атқызып ап (алып) екеуміз


Сыр ашып ек қанша алыс болсақта


Қанша алыс арамызда жол жатса.. 


 


Екеуміз тек желілерде таныспыз,


Ал өмірде бәлкім бөтен,алыспыз...


(Мүмкін жақынбыз.)


 


Қоңыр күзде танысып ек екеуміз,


Енді өмірде кездеспейміз бәлкім біз..


Өмірде кездесерміз деп жүргенде,


Желіден де жоғалдың-ау жұмбақ қыз.


..."Әй"-әйтеуір аман болшы..


Интернет желісінде танысқан қыз.


 


Авторы: Диас Нұрланұлы




Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Комментарии

Nur
Nur 18.11.2022 23:50
????

Пікір жазу