15.11.2022
  405


Автор: Жаңа жыл

Құт-береке әкелсін қоян жылы

Есікті ашып мінеки еніп тұрған,
Құт-береке әкелсін қоян жылы.
Қазақ елі шаттана күлімдесін,
Жаңа жылда естіліп жалынды үні.

Арайлы таң нұрына бөлеп әркез,
Сыйластық пен ынтымақ орын алсын.
Жас отаулар балалы болып тағы,
Жаратқаным жар болып бағы жансын.

Жаратқаным жар болып саулық берсін,
Әрбір адам сезініп бақытты бұл.
Бар жақсысын сыйласын қоян жылы,
Әрбір күнді жалғап тек шаттықты күн.




Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Пікір жазу