15.11.2022
  348


Автор: Жаңа жыл

Қоян жылы тойлайық

Құтты болсын жаңа жыл келіп жеткен,
Қоян жылы тойлайық жақсы күнді.
Жаңа жылда жүрейік шаттана біз,
Қарсы алып қуана жаңа күнді.

Қоян жылы табысты жылға айналсын,
Қазағымды қуантып шын жүректен.
Ауру, сырқау болмасын елімізде,
Әр жүректі жылатып, мұңды еткен.

Қоян жылы жанымыз жадырасын,
Қысы жылы, көктемі нұрын шашып.
Жаз айлары жайнасын қазақ елі,
Алтын күзде жұлдыздар жымың қағып.




Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Пікір жазу